Главная → Рубрики компании: Рекламные агентства и услуги, Типографии, полиграфические услуги → Компания CENTRAL ASIA PRINT (ЦЕНТРАЛ АЗИЯ ПРИНТ) → Отзывы
Отзывы о CENTRAL ASIA PRINT (ЦЕНТРАЛ АЗИЯ ПРИНТ) в Алматы
CENTRAL ASIA PRINT (ЦЕНТРАЛ АЗИЯ ПРИНТ) в Алматы
Торайгырова, 47, цок. эт.
rsmedia.kz
О компании
Рекламно-производственная компания.
Товары/Услуги:
изготовление рекламных конструкций, наружная реклама, широкоформатная печать, широкоформатная печать на баннере, широкоформатная печать на холсте, широкоформатная печать на оракале, широкоформатная печать на бэклите, широкоформатная печать на виниловой пленке, широкоформатная печать на фотобумаге, объемные буквы, лайтбоксы, световые короба, табло бегущая строка, LED экраны, таблички, промостолы, Х-стенды, pop-up стенды, пресс-стены, брендирование автотранспорта
Добавить отзыв |
Функция «ОТЗЫВЫ» предназначена для обмена посетителями справочного ресурса kps.kz мнениями о компаниях, с целью улучшения качества сервиса.
Внимание, негативные отзывы публикуются только при наличии имени или ника пользователя и его или её действующего электронного адреса (e-mail). При добавлении отзыва, IP-адрес компьютера фиксируется.
мырзаға арналады
Ақшаны арман қылған МАИ-ге.
1. Сын айтатын еліме болды үлесім,
Қосатұғын емес қой соңғы үлесім.
Еңбек етіп көлік сатып аласыңда,
Күнделікті тірлікпен жол жүресің.
2. Соныменен тірлікті қайталайсың,
Амал қанша шындықты айталмайсың.
Шындығымды жазайын жол үстінде,
Тығылып тұрған МАИ-ді байқамайсың.
3. Шындық үшін ниетімді бұзбас АЛЛА,
Жол жүремін еңбек істеп тынбасамда.
Қызыл таяқ көтеріп тоқтатады,
Жай жүріп ережені бұзбасаңда.
4. Артық болмас ескертіп кетсем енді,
Мұнымызды заң бар ғой ескереді.
Алдыменен баяндама жасамастан,
Құжатыңды талап етіп тексереді.
5. Бұл сыныма не айтып ақталады,
МАИ-мін деп дүрсе сөйлеп мақтанады.
Қайта-қайта өзіңе сұрақ қойып,
Толтыруда білмейді хаттаманы.
6. Уақыт созып бөгейді жолыңызды,
Тексереді оң менен солыңызды.
Таза парақ толмаған хаттамаға,
Мәжбүрлейді қойыңыз деп қолыңызды.
7. Осындайлар алыстаса арамыздан,
Арылар мек беретін парамыздан
Арасында олардың кездеседі,
Боқтайтұғын марқұм болған анамыздан.
8. Тіл болмаса мұны адам айталмайды.
Айтылмаса тағы да қайталайды.
Құжатыңды тексеріп аяғында,
Жартысын тығып тастап қайтармайды.
9. Сынды жазып мін айтып мүсіндеймін,
Тиянақты жүргізсін ісін деймін.
Радарына түспесеңде тоқтатады,
Неге екенін мен бірақ түсінбеймін.
10. Демократия елінде мекендеймін,
Жазылған жыр болмасын бекер деймін.
Ел басқарған ағаларым өзі оқып,
Осы сыным ескерілсе екен деймін.
25.04.2012 жыл.